07 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №358

277 рет
көрсетілді
34 мин
оқу үшін
2015 жылғы 2 маусым,  Астана қаласы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9558 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (28490) санында жарияланған) 1-тармағының 1), 2), 3), 6) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын. 3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.Ысмағұлова) заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.СӘРІНЖІПОВ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы №558 бұйрығына 1-қосымша «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) № 11212 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген негізінде көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқасы болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде. 2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): 1) жоғары оқу орнының кеңсесі (бұдан әрі – ЖОО кеңсесі) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды және тіркейді, қарастыру үшін жоғары оқу орнының оқу бөліміне (бұдан әрі - ЖОО-ның оқу бөлімі) тапсырады; 2) ЖОО-ның оқу бөлімі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша берілетін анықтаманы дайындайды, деректердің дұрыстығын тексереді және оны қарау үшін жоғары оқу орнының басшылығына (бұдан әрі - ЖОО-ның басшылығы) тапсырады; 3) ЖОО-ның басшылығы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады; 4) ЖОО-ның оқу бөлімі күнтізбелік 22 (жиырма екі) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді; 6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері: 1) ЖОО кеңсесінің құжаттарды қабылдауы және тіркеуі және ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы; 2) ЖОО-ның оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша берілетін анықтаманы дайындауы, деректердің дұрыстығын тексеруі және оны қарау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсыруы; 3) ЖОО басшылығының құжаттар топтамасын қарауы және ЖОО-ның оқу бөліміне тапсыруы; 4) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын дайындауы және беруі. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) қатысады: 1) ЖОО-ның кеңсесі; 2) ЖОО-ның оқу бөлімі; 3) ЖОО-ның басшылығы. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы келесі мынадай рәсімдерден (іс-қимылдар) тұрады: 1) жоғары оқу орнының кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды және тіркейді, қарастыру үшін жоғары оқу орнының оқу бөліміне (бұдан әрі - ЖОО-ның оқу бөлімі) тапсырады; 2) ЖОО-ның оқу бөлімі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша берілетін анықтаманы дайындайды, деректердің дұрыстығын тексереді және оны қарау үшін жоғары оқу орнының басшылығына тапсырады; 3) ЖОО-ның басшылығы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады; 4) ЖОО-ның оқу бөлімі күнтізбелік 22 (жиырма екі) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға білімі туралы құжаттың телнұсқасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді; Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімнен) өтудің блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген. 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі 9. Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚО) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасау және рәсімдерінің (іс-әрекеттері) реттілігі тәртібінің сипаттамасы: 1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ның операторына құжаттар топтамасын тапсырады (15 мин ішінде); 2) ХҚО-ның операторы өтінішті тіркейді (15 мин ішінде); 3) ХҚО операторының сауал нысанын қағаз нысандағы құжаттарының болуы туралы белгі бойынша толтырады және көрсетілетін қызметті алушы тапсырған құжаттарды сканерлейді (30 мин ішінде); 4) ХҚО операторы куәландырылған тиісті құжаттарды электронды көшірмелер нысанында қабылдау туралы көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді (15 мин ішінде); 5) ХҚО-ның кеңсесі құжаттарды тиісті жоғары оқу орнына жібереді (2 (екі) жұмыс күні ішінде); 6) ЖОО-ның басшылығы деректердің дұрыстығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін білім туралы құжаттардың телнұсқаларын дайындауды жүргізеді және ХҚО-ға жібереді (күнтізбелік 22 (жиырма екі) күн ішінде); 7) білім туралы құжаттардың телнұсқаларын береді (1 (бір) күннен кешіктірілмей). Регламентке мемлекеттік қызмет көрсетулер 2-қосымшада келтірілген ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-әрекеттер диаграммасы келтірілген. 10. Мынадай рәсімдерді орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижелері: 1) ХҚО-ның операторының құжаттарды тексеруі және өтінішті тіркеуі; 2) ХҚО-ның операторының сауал нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беруі; 3) ХҚО-ның операторының құжаттарды ХҚО-ның кеңсесіне жіберуі; 4) ХҚО-ның кеңсесінің құжаттарды тиісті жоғары оқу орнына жіберуі; 5) ЖОО басшылығының құжаттарды тексеруі және жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын ХҚО-на жіберуі; 6) көрсетілетін қызметті алушыға ХҚО операторының жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын беруі. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 3-қосымшада келтірілген. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өтудің және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасының блок-сызбасы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-әрекеттер диаграммасы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша ХҚО арқылы және ЖОО-ғы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы №358 бұйрығына 2-қосымша «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген негізінде жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру. 2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): 1) жоғары оқу орны деканатының қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына береді; 2) сараптамалық комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынады; 3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды; 4) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын, сондай-ақ шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі отырысының мөр басылған хаттамасынан үзіндіні білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдайды; 5) білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және кезеңі мен ұзақтығын көрсете отырып, экстернат нысанында оқуға жазбаша түрде рұқсат береді және білім беру ұйымына жолдайды; 6) білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрық шығарады. 6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері: 1) деканат қызметкерінің құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі және сараптамалық комиссия мүшелеріне жіберуі; 2) сараптамалық комиссия мүшелерінің құжаттар топтамасын қарауы және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынуы; 3) білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің қарауы; 4) білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдауы; 5) білім беру саласындағы уәкілетті органның қарауы және экстернат нысанында оқуға рұқсат беруі және білім беру ұйымына жіберуі; 6) білім беру ұйымының экстернат нысанында оқуға рұқсат беруі туралы бұйрық шығаруы. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады: 1) деканат қызметкері; 2) сараптамалық комиссия мүшелері; 3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі; 4) білім беру саласындағы уәкілетті орган; 5) білім беру ұйымы. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы: 1) жоғары оқу орны деканатының қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды әрі тіркейді, және 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына береді; 2) сараптамалық комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және білім беру ұйымы Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынады; 3) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды; 4) білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын, сондай-ақ шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі отырысының мөр басылған хаттамасынан үзіндіні білім беру саласындағы уәкілетті органға қарастыруға жолдайды; 5) білім беру саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және кезеңі мен ұзақтығын көрсете отырып, экстернат нысанында оқуға жазбаша түрде рұқсат береді және білім беру ұйымына жолдайды; 6) білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрық шығарады. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген. 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі 9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді. «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген. «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы №358 бұйрығына 3-қосымша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, өтініштер қабылдауды жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11212 болып тіркелген негізінде жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беру. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны: 1) Ғылыми кеңестің хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдап, тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді; 2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең – ЖОО ішіндегі конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруді ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді; 3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптама жүргізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды; 4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім қабылдайды; 5) Комиссия шешімінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік береді. 6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимыл рәсімдерінің нәтижелері: 1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі хатшысының құжаттар топтамасын қабылдап, тіркеуі және ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына беруі; 2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің құжаттар топтамасын ресімдеуі және көрсетілетін қызметті берушіге жеке тәртіпте қарау үшін беруі; 3) көрсетілетін қызметті берушінің сараптама жүргізуі және Комиссияға қарастыруға жолдауы; 4) Комиссияның «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы шешімі; 5) көрсетілетін қызметті берушінің жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беруі. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады: 1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хатшысы; 2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі; 3) көрсетілетін қызметті беруші; 4) Комиссия; 5) көрсетілетін қызметті беруші. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасы: 1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдап, тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді; 2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең – ЖОО ішіндегі конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруді ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді; 3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптама жүргізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды; 4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім қабылдайды; 5) Комиссия шешімінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік береді. Әрбір рәсімнің ұзақтығын және рәсімдер (әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасын көрсете отырып, әрбір әрекеттердің (рәсімдердің) өту блок-схемасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген. 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша Әрбір рәсімнің ұзақтығын және рәсімдер (әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасын көрсете отырып, әрбір әрекеттердің (рәсімдердің) өту блок-схемасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы №358 бұйрығына 4-қосымша «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген негізінде жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - білім беруге грант тағайындау туралы куәлік, сондай-ақ жоғары оқу орны ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы. 2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады (бұдан әрі – құжаттар топтамасы). 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): 1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі – ЖОО қабылдау комиссиясының) хатшысы құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізеді және тіркеу нөмірін береді – 15 минуттан аспайды; 2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтер Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – ҰТО) жалпы деректер базасына жіберіледі, онда олар жинақталады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсты өткізу үшін алдын ала дайындықтан өтеді; 3) ҰТО-ның деректер базасына енгізу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке деректерін, таңдалған мамандықтар тізбесін, жеңілдіктері мен басым құқықтарының болуын көрсете отырып, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беріледі; 4) ҰТО деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады; 5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығару; 6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру; 7) ҰТО-ның 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы; 8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; 9) 25 тамыздан кешіктірмей ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы. 6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері: 1) ЖОО қабылдау комиссиясы хатшысының құжаттар топтамасын қабылдауы және көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі; 2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтерді ҰТО-ның жалпы деректер базасына жіберу; 3) ҰТО-ның көрсетілетін қызметті алушыға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беруі; 4) ҰТО-ның деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын беруі; 5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін шығару; 6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру; 7) ҰТО-ның білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы; 8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; 9) ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы. 3. ЖОО-мен мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай бөлімшелер қатысады: 1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының хатшысы; 2) ҰТО; 3) Республикалық конкурстық комиссия; 4) бұқаралық ақпарат құралдары; 5) ЖОО-лар. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады: 1) ЖОО-лардың қабылдау комиссиясының хатшысы құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізеді және тіркеу нөмірін береді – 15 минуттан аспайды; 2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтер ҰТО–ның жалпы деректер базасына жіберіледі, онда олар жинақталады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсты өткізу үшін алдын ала дайындықтан өтеді; 3) ҰТО-ның деректер базасына енгізу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке деректерін, таңдалған мамандықтар тізбесін, жеңілдіктері мен басым құқықтарының болуын көрсете отырып, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беріледі; 4) ҰТО деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады; 5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығару; 6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру; 7) ҰТО-ның 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы; 8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; 9) ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы. Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген. 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі 9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді. «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген. «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14555 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024